Материалы за Мамыр 2023 года » Страница 4 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2023 года » Страница 4
N5 Ақарал ЖОББМГ терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгеритмдері
12
мамыр
2023
N5 Ақарал ЖОББМГ терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хатына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың тапсырмасын орындау бойынша ағымдағы жылдың 12 мамыр күні, сағат 10:00де,  оқу-жаттығулар шеңберінде N5 Ақарал ЖОББМГ терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгеритмдері жүзеге асырылды. Осыған орай, мектептерде оқу-жаттығулар өткізуге жәрдемдесу үшін аумақтық Ішкі істер жөніндегі қызметкер лейтенант  Жураханов Ж. қатысты. Жаттығулар аясында жергілікті
«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлықтың ашылуы
10
мамыр
2023
«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлықтың ашылуы
10.05.2023ж күні білім алушыларға  жол ережесінің белгілерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлықтың ашылуы өтті. Іс-шара барысында білім алушыларға  көшеде жүру тәртібі, қауіпті жағдайлардан  сақтану, көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүру, жол  қауіпсіздік   ережелері кеңінен түсіндірілді. 
9,11 сынып білім алушыларымен олардың ата-аналар жиналысы
05
мамыр
2023
9,11 сынып білім алушыларымен олардың ата-аналар жиналысы
№5 Ақара жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9,11 сынып білім алушыларымен олардың ата-аналармен жиналыс өткізілді. Ата-аналарды  мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың өткізілу кестесімен таныстырып және "Соңғы қоңырау", "Мектеп бітіру" кеші мен қорытынды аттестаттау кезінде ақша жинауға, сыйлық жасап, дастархан жасауға тыйым салынатындығы туралы айтылып, қолхат алынды. Сонымен қатар мейрамханаларға, тау бөктеріне бармауға, автокөлік шеруіне шықпау керектігі туралы да айтылды.  
"Қазақтың қаһарман батырлары" тақырыбында кітап көрмесі
05
мамыр
2023
"Қазақтың қаһарман батырлары" тақырыбында кітап көрмесі
05.05.2023 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназия кітапханасында 9 Мамыр Жеңіс күніне орай "Қазақтың қаһарман батырлары" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Жауапты: кітапхана меңгерушісі Г. Маделиева
"Саралау тапсырмаларын қолдану арқылы білім алушылардың белсенділігін қаншалықты арттыруға болады?" сұрағы бойынша зерттеу сабағы
05
мамыр
2023
"Саралау тапсырмаларын қолдану арқылы білім алушылардың белсенділігін
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 5.05.2023ж 9 "б" сыныбында Ағылшын тілі пән мұғалімі Бабалиева Азиза " The Worth of Wealth " тақырыбында Сабақ зерттеу үдерісі бойынша "Саралау тапсырмаларын қолдану арқылы білім алушылардың белсенділігін қаншалықты арттыруға болады?" сұрағы бойынша зерттеу сабағы жүргізілді. Зерттеу  сабағында "Сәйкестендіру ","Лота" ойыны, "Жалғасын тап" әдіс- тәсілдері қолданып , рефлексия,кері байланыс болды.Бақылаушылар А,Б,С тобындағы білім
5-9 сыныптар арасында "Бейбіт күні жасасын әлемде!" тақырыбында суреттер байқауы
04
мамыр
2023
5-9 сыныптар арасында "Бейбіт күні жасасын әлемде!" тақырыбында
2023 жылдың 4-мамырында №5 Ақарал ЖОББМГ-да 5-9 сыныптар арасында "Бейбіт күні жасасын әлемде!" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: білім алушыларды туған елін, Отанын сүюге,еліне,жеріне сүйіспеншілігін арттыру,туған жерін қорғай білуге,патриоттық сезімге тәрбиелеу. Байқауда жүлделі иеленген білімалушылар дипломдармен марапатталды.
2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында
03
мамыр
2023
2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді
03.05.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында сынып жетекшісі Н. Шаргинова қазақ тілі пәнінен "Сан есім" тақырыбында  зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған "Семантикалық карта", "Кім шапшаң?" ойыны, "Ойлан, жұптас", " Иә" ,"Жоқ" ойыны  және саралау тапсырмалары  қолданылды. " Басбармақ",