

2025 жылдың 9 қыркүйек күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен 9-11 сынып білім алушылары арасында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараға АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебұлан және Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Суйинбеков Өркен қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Әсіресе топтық төбелес, әлімжеттік көрсету, бопсалау фактілеріне жол бермеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жасөспірімдер арасында қылмыс фактілерінің көбеюі туралы айтылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар кибербуллинг, буллинг сынды заманауи қауіптердің салдарына тоқталып, кез келген құқық бұзушылықтың заң аясында жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Оқушыларға күндізгі, түнгі мезгілде бейберекет жүрудің қауіптілігі түсіндірілді. Ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық, ұсақ бұзақылық, ұрлық, қорқытып алу сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жаза түрлері жеткізіліп, олардың салдары нақты түсіндірілді.

