04
маусым
2026
"Балдаурен" жазғы лагерінің жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай "Балдаурен" жазғы лагерінің жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Қазақстанның жарқын болашағы туралы көзқарастарын бейнелеуге мүмкіндік беру.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің қиялындағы көркем, заманауи әрі гүлденген Қазақстанды сурет арқылы көрсетті. Ұсынылған жұмыстардың барлығы мазмұндылығымен, ерекшелігімен және шығармашылық ізденісімен ерекшеленді.
Іс-шара соңында үздік жұмыстар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Байқау оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, ел болашағына деген сенімін арттыруға ықпал етті.
Ұйымдастырған: Мектеп тәлімгері.