25
мамыр
2026
1–11 сыныптарында «Заң және тәртіп – Халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары
2026 жылғы 25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 1–11 сыныптарында «Заң және тәртіп – Халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушыларға Конституцияның маңызын түсіндіру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында оқушыларға: заңды сақтау мен қоғамдық тәртіптің қоғамдағы рөлі;
адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттері;
қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты қорғау;
адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновацияның маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар сынып сағаттарында оқушыларға жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер мен көруге болатын тәрбиелік мәні бар фильмдердің тізімі ұсынылды.
Жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша:
жолда жүру ережелері;
судағы қауіпсіздік;
өрт қауіпсіздігі;
интернет қауіпсіздігі;
қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқушыларға жазғы уақытты тиімді жоспарлау, еңбек етудің пайдасы, ата-анаға және ата-әжеге көмектесу, бос уақытты пайдалы өткізу жөнінде тәрбиелік бағыттағы ұсыныстар берілді.