
"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ.

2025 жылдың 27 қаңтар күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру, әділеттілік пен парасаттылық ұғымдарының мәнін ашып, оқушыларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Е.Тупеков 8-11 сынып білім алушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, құқықбұзушылықтың салдарының неге әкеп соғатыны жайында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.