29
қаңтар
2025
1-11 сыныптар арасында «Заңды білу-заман талабы» "Заң және тәртіп" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары
"Заң және тәртіп" айлығы аясында 2025 жылдың қаңтар айының 20 күні оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылардың бойында демократиялық көзқарасты қалыптастыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Заңды білу-заман талабы» "Заң және тәртіп" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараларда әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты екені айтылды. Ең өзекті мәселелер – отбасындағы зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарды қорғау, есірткі қылмысы мен адам саудасына қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысы талқыланды. Сонымен қатар, кездесу барысында жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
