08
қыркүйек
2021
"Есірткі мен зиянды заттарға жол жоқ! " тақырыбында TED-X форматында ұлдар жиналысы
8 қыркүйек күні №5 Ақарал ЖОББМГ -да жасөспірімдер арасында нашақорлық пен зиянды заттардың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев және полицияның жас көмекшілері "Тәртіп сақшылары" Е. Бейсеналы және А. Білдебай "Есірткі мен зиянды заттарға жол жоқ! " тақырыбында TED-X форматында ұлдар жиналысын өткізді. Жиналыста жасөспірімдерге салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, есірткі және зиянды заттардың адам ағзасына кері әсері туралы, жасөспірімнің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.