25
қаңтар
2019
«Мирас» жедел профилактикалық «Маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың», кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушілік пен зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында өткізілген кездесу жиналысы
Қаңтардың 25 күні мектепте «Мирас» жедел профилактикалық «Маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың» және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік пен зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында кездесу жиналысы өтті. Кездесуге Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Е. Тупеков, Меркі ауданы жастар денсаулығы орталығының төрайымы Х. Адешова келді. Меркі ауданы жастар денсаулығы орталығының төрайымы Х. Адешова есірткі және алкоголь әлеуметтік дерті салдарынан қоғамымызда жетім, өлі немесе кемтар сәби болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін,есірткі және алкоголь бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтыратыны туралы көптеген мағлұматтар айтып өтті. Меркі аудандық Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Е. Тупеков өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың,келеңсіз жағдайлар орын алатындығы жайлы, сонымен қатар қалай ондай жағдайлардан сақтану керектігін, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін оқушыларға жете түсіндірді. Тақырыпқа сай нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты «Есірткі тұзағы» «Қылмыс пен жаза» т.б. бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты.