03
маусым
2026
"Should school uniforms be mandatory?" & "City vs. Countryside" — «Балдәурен» жазғы лагеріндегі алғашқы дебаттар
"Should school uniforms be mandatory?" & "City vs. Countryside" — «Балдәурен» жазғы лагеріндегі алғашқы дебаттар тартысты өтті! 

Лагерьдегі күндеріміз тек ойынмен ғана емес, нағыз интеллектуалды жекпе-жектермен басталды! Жазғы лагерь аясында ашылған "Debate Club" ағылшын тілі үйірмесінің алғашқы отырыстары жоғары деңгейде өтті.
Мектеп формасы міндетті болуы керек пе? Оқушылар екі топқа бөлініп, форманың тәртіпке әсері мен өзіндік еркіндікті шектеуі туралы ағылшын тілінде нақты аргументтер келтірді.
Қалада тұрған жақсы ма, әлде ауылда ма? Инфрақұрылым мен дамуды жақтаған «қалалықтар» мен таза ауа, тыныштық пен денсаулықты ту еткен «ауылдықтар» арасындағы сұрақ-жауап кезеңі нағыз бәсекеге айналды!
Мұндай дебаттар оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу кедергісін жойып, сыни ойлауын, көпшілік алдында қорықпай сөйлеу дағдысын керемет дамытады. Балалардың "In my opinion...", "I strongly disagree..." деп, өз ойларын еркін әрі мәдениетті түрде жеткізгендерін көру — үлкен мақтаныш!
Лагерь қызықтары әлі алда! Спикерлерімізге сәттілік тілейміз!
Үйірме жетекшісі: С.Каримова