03
наурыз
2025
"Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті құзыреттілікті жүзеге асыру" атты айлықтың ашылу салтанаты
03.03.2025ж N5 Ақарал жоббмг—да ағылшын тілі пәнінің жылдық жоспарына сәйкес "Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті құзыреттілікті жүзеге асыру" атты айлықтың ашылу салтанаты өтті.
Айлықтың мақсаты: ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың тілдік қатынас жасау қабілеттерін арттыру, коммуникативті дағдыларды дамыту арқылы оларды шынайы өмірде тілдік қарым-қатынасқа белсене араласуға дайындау. Бұл кезеңде оқушылар түрлі әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы өздерінің сөйлеу және тыңдау дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ ағылшын тілінде тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті білім мен тәжірибе алады.Айлықтың аясында мұғалімдер мен оқушылар түрлі әдіс-тәсілдер мен интерактивті сабақтарды жүзеге асырып, ағылшын тіліндегі коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды атқарады.
Әб жетекшісі: Атамкулова Асия
