Оқушыларға » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Оқушыларға
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
01
маусым
2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 1–12 маусым аралығында «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 1 ауысымы өз жұмысын бастайды. Лагерь бағдарламасы балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге бағытталған. Демалыс кезеңінде оқушыларды шығармашылық, танымдық, спорттық және патриоттық бағыттағы түрлі іс-шаралар күтеді. Бағдарлама аясында: лагерьдің ашылу және жабылу салтанаттары; шығармашылық байқаулар мен
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының республикалық кезеңі
30
мамыр
2026
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының республикалық кезеңінде «Қазақстанның жүз жаңа есімі» номинациясы бойынша №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Әбдікерім Аида І дәрежелі дипломмен марапатталды  Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Джадраев Азамат Дүйсебайұлы.
"Оқуға құштар мектеп" жобасын және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру мақсатында Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Бала би" зияткерлік байқауы
12
мамыр
2026
"Оқуға құштар мектеп" жобасын және “Адал азамат” біртұтас тәрбие
"Оқуға құштар мектеп" жобасын және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру мақсатында Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Бала би" зияткерлік байқауында  №5 Ақарал ЖОББМГ "Әдеби мұра" тобы өздерінің тапқырлығы мен кітапқа деген қызығушылығын көрсете отырып, 3 орын жеңімпазы атанды.  Құттықтаймыз! Жетекшісі: кітапхана меңгерушісі  Г.Маделиева
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде «Қазақстанның жүз жаңа есімі» номинациясы
12
мамыр
2026
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық
Республикалық «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде «Қазақстанның жүз жаңа есімі» номинациясы бойынша №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Әбдікерім Аида І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Джадраев Азамат Дүйсебайұлы.
Қазақтың ұлттық ойыны “Ханталапай”
27
сәуір
2026
Қазақтың ұлттық ойыны “Ханталапай”
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы мектепалды сынып тәрбиеленушілерімен қазақтың ұлттық ойыны “Ханталапай” өткізілді. Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың  тапқырлыққа, ептілікке, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа қабілеттерін дамыту мақсатындағы ойында мектебіміздің мектепке дейінгі сынып тәрбиеленушілері байқаудың аудандық кезеңінен І жүлделі орын алып, облысқа Жолдама алды. “Ханталапай” ойынын сабақтың өн бойында қолдануға болады, жеңімпаз оқушыларды
5-9 сынып оқушыларының арасында республикалық деңгейде «Тарих ата» қашықтық олимпиадасы
24
сәуір
2026
5-9 сынып оқушыларының арасында республикалық деңгейде «Тарих ата»
2026 жылдың 23-24 сәуір күндері аралығында 5-9 сынып оқушыларының арасында республикалық деңгейде «Тарих ата» қашықтық олимпиадасы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған білім додасына Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының» 5 "Ә,Б" сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектебіміздің 5-сынып оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды:  І дәрежелі диплом иегерлері
№9 Меркі колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік» күні
17
сәуір
2026
№9 Меркі колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
17.04.2026ж Коледжішілік «WorldSkills алаңына экскурсия» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының №9 Меркі колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ашық есік» күні өтті. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9- сынып білім алушыларымен №9 Меркі колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында білім алушылар әртурлі мамандықтар туралы ақпарат ала отырып, түрлі мамандықтардың оқу- практикалық процесіне қатысты. Оқу орнына түсу үшін
11 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби-2026" халықаралық олимпиадасы
17
сәуір
2026
11 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби-2026" халықаралық олимпиадасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында 11 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби-2026" халықаралық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11"А" сынып оқушысы Тасқара Ай қатысып ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: география пәні мұғалімі С.Айжарыков Құттықтаймыз!  
Республикалық 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар байқауы
10
сәуір
2026
Республикалық 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық
Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңінде "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша ІІІ - орын №5 Ақарал ЖОББМГ 5 сынып білім алушысы Асанғазы Алияна марапатталды.Жетекшісі: Р.Шанбаева
"Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумының аудандық кезеңінде “Жасыл идея"
09
сәуір
2026
"Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат
Республикалық "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумының аудандық кезеңінде “Жасыл идея" бағыты бойынша 7 сынып білім алушылары Нұрланұлы Амир мен Аскен Інжу l дәрежелі диплом, Нұрланқызы Ару lll дәрежелі диплом иеленді. Облыстық кезеңінде Нұрланұлы Амир мен Аскен Інжу lll орынмен марапатталды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі  Б.Усейнова  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 55 Вперед