12
мамыр
2026
11-сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс
12 мамыр 2026 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының әкімшілігі оқу жылының аяқталуына арналған тұжырымдама және бұйрықтармен таныстыру мақсатында 11-сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында мектеп директоры Г. Шаймерденова ата-аналарды 25 мамыр күні өтетін мектеп бітіру кеші мен аттестат табыстау салтанатты іс-шарасының өткізілу тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, мерекелік агенттіктерді, түрлі аниматорларды шақыруға, мектеп ұжымына арнап дастархан ұйымдастыруға, автокөлік шеруін өткізуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Сондай-ақ мектеп бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде және арнайы көңіл көтеру орындарында өткізуге жол берілмейтіні қатаң түрде түсіндірілді. Ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін сақтау, мектептің ішкі ережелерін қатаң ұстану қажеттігі айтылды.
