14
сәуір
2026
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
№ Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
• Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
• Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
• Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
• Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шерулеріне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
• Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
• Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз.
Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.