20
мамыр
2023
Ата-аналар назарына!
Жамбыл облысы Меркі ауданы білім бөлімі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, мектеп бітіру, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.
3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынады;
4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына мейрамханаларда, тау бөктеріне бармауына, қатаң тыйым салынады;
5.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынады;
6.Мереке күндері және басқада күндері кәмілетке толмағандардың ата анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларынсыз топтасып серуеундеуге , аудан орталығында себепсіз жүруге тиым салынады.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз.Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!
Меркі ауданы білім бөлімі
Тел.: 87084559883
Тел: 4-43-76