15
ақпан
2023
«Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі»
2023 жылы 15 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №03-625 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен бекітілген «Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» бұйрығын негізге ала отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ДҚТЖО Ғ. Айтбаев "Мектепке әкелуге тиым салынған заттар" тақырыбында 8-11 сынып білім алушылары арасында дәріс өткізді.Іс-шара барысында мектепке тыйым салынған заттарды әкелмеу, мектеп ережесін қатаң сақтау керек екендігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.