13
қыркүйек
2022
"Ұлт тәрбиесі-ұл тәрбиесі" тақырыбында жиналыс
2022 жылы 13 қыркүйек күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ұл балалар арасында "Ұлт тәрбиесі-ұл тәрбиесі" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұл балаларға мектепке тыйым салынатын өткір, кесетін заттар, ұялы телефон әкелмеу туралы,сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, әдептілік этикасы, мектеп формасы,шаш үлгісі талапқа сай болу керек екендігі, жалпы мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, айтылды. Сонымен қатар түнгі уақытта көшеде, жүрмеуі және жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігі туралы түсінік берілді.