08
қыркүйек
2021
«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 7-10 сынып білім алушылары арасында қыздар жиналысы
№5 Ақарал ЖББМГ 8.09.2021жылы қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 7-10 сынып білім алушылары арасында қыздар жиналысы болды. ДТІЖО Абишева Л.С жиналыс мақсатымен таныстырып, қыз баланың тәрбиесі туралы айтты. Аталған жиналысқа "Аналар" клубының жетекшісі, Ақарал ауылдық амбулаториясының акушері М. Арыстанбаева қатысып, қыздарға тазалық, жеке бастың гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологтары Молдобекова Р. "Жарық ай" монологын оқыса, Черембаева Ж. тренинг жүргізді. Қыздар арасында туындаған сұрақтарға акушер М.Арыстанбаева жауап берді.