12
ақпан
2021
"Қыз денсаулығы - ұлт болашағы"
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 12.02.2021ж. 8,9,10 сынып қыз балаларымен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қыз денсаулығы - ұлт болашағы" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Адешова, Меркі орталық ауруханасының акушер - гинекологы А.Айдосова, Ақарал ауылдық дәрігерлік амбулаториясының психологы Н.Керимова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова, мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева, мектеп медбикесі Ж.Тоқтағұлдың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мамандар қыз балаларға ерте жастағы жүктіліктің алдын алуға бағытталған мағлұмат берді. Сонымен қатар қыз балалар жиналыс соңында мамандармен пікір алмасып,өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын алды және қыз балаларға "Салауатты өмір салтын ұстан" жадынамалары таратылды.