Қыздар жиналысы
29 қараша күні жасөспірім қыздар арасында физиологиялық даму кезеңдері, жеке гигиенасы мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8 – 11 сынып білім алушылармен «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кеңейтілген кеңес беру жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсенбаевна, жастар орталығының жетекшісі Адешова Халбибі Жексенбиқызы, әйелдер дәрігері Айдосова Асият Саясатовна, ВА «Ақарал» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Джунусова Гульназ Джумабаевна, ВА «Ақарал» дәрігерлік амбулаториясының акушері, аналар клубының жетекшісі Арыстанбаева Майра Айтжановна, ВА «Ақарал» дәрігерлік амбулаториясының психологі Керимова Нағима Несіпбаевна, қамқоршылық кеңестің төрайымы Байгулова Райхан Жабыкбаевна, 66 қыз бала, 8 мұғалім қатысты.