20
қараша
2018
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан – жақты қамту, нақтылай түсу, өзін – өзі бағалау, бейімделу мақсатында 40 мектеп мұғалімдері, 83 мектеп білім алушылары белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып, 30 минут ішінде 80-90 сөзден тұратын «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктант мәтінін ұйымдасқан түрде жазып шықты.