Мақала » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
15
наурыз
2017

Мақала

Жаңартылған білім беру мазмұны - болашақтағы сапалы білім кепілі
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Ляззат Абенованың ұйымдастыруымен №5 «Ақарал» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшеліктері мен маңызы» тақырыбында семинар - кеңес өткізілді. Семинар жұмысына аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар кеңестің ашылуында №5 Ақарал орта мектебінің директоры Нурила Койшиманова алғы сөзінде мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы үлкен үміт және салмақты сын, ол мұғалім алдына - жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдануда жоғары жауапкершілікті қажет ететіндігін атап айтты. Семинар барысында директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Айгерим Алтынбаева «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері мен маңыздылығы» тақырыбында кәсіби тұрғыдан ақпараттық сессия жүргізді.Бастауыш 1- сынып мұғалімдері Акбота Асанкулова мен Шынар Ермаханбетова, орыс тілі пәні бойынша Гулбайра Шошабай және ағылшын пәні мұғалімі Асия Атамкулова жаңа оқыту бағдарламасы аясында ашық сабақтарын өткізді. Тәжірибелік бөлімде мектеп директоры Нурила Койшиманова семинарға қатысушылармен «Жаңартылған білім беруде сабақты жоспарлау ерекшелігі» бойынша ақпараттық тренинг жүргізді. Семинарға қатысушылар оқытудың жаңа бағдарламасын тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе алмасты. Маңызды ойларымен бөлісті. Семинар кеңесті аудандық білім бөлімінің әдіскері Ляззат Абенова критериалды бағалау жүйесі, электронды журнал толтыру мәселелері бойынша толық ақпарат бере отырып, семинар -кеңес жұмысын қорытындылады. Мұндай семинарлар білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру бағытында әдістемелік көмек ретінде берері мол.
Мақала авторы: Алтынбаева Айгерим Аханқызы №5 Ақарал орта мектебінің директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары














Похожие публикации:

16 наурыз 2017 Мекен жай
15 наурыз 2017 Статьи
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив