29
мамыр
2026
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
2026 жылдың 29 мамыр күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1 және 2-бөлімдерінің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мобильдік топпен бірлескен түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүрген жасөспірімдердің анықталуының алдын алу бағытында ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар, саябақтар және өзге де қоғамдық орындар тексерілді.
Тексеру нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылық немесе заңбұзушылық фактілері анықталған жоқ.