19
сәуір
2024
«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
19.04.2024 ж. күні «Қауіпсіздік сағаты» жобасы аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ата-аналар арасында «Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович пен ауылдық учаскелік инспектор Халықов Білімжан ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың, оның ішінде «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңының талаптарына сәйкес, ҚР Қылмыстық және Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 127 бабы бойынша ата-ана міндетін орындамау және 442 бабының 1 бөлімінің орындалуы бойынша заңды өкілдерінсіз 22.00-6.00 аралығында түнгі мезгілде жүруі бойынша жауапқа тарту, топтық төбелестің алдын алу, жолын кесу сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттары мен жауапкершіліктері туралы түсіндірді. Кәмелетке жасы толмаған балалар арасында буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу , құқықбұзушылықтың, жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.