15
сәуір
2024
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» тақырыбында кездесу
15.04.2024ж. күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптар арасында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович және КПБ Н. Ушакбаев, ауылдық учаскелік инспектор Халықов Білімжан «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің алдын алу, жол қауіпсіздігі, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.