13
ақпан
2024
8-11 сынып білім алушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерімен кездесу
13.02.2024ж күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия сында "Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында 8-11 сынып білім алушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерімен кездесу өткізілді. Кездесуге АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің, әлімжеттік көрсетумен бопсалаудың алдын алу, жол қауіпсіздігі, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы туралы қатаң ескертілді.