17
сәуір
2023
1-11 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
2023 жылы 17 сәуір күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 1-11 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылық, қылмыс пен құқық бұзушылық, кибербуллинг, буллинг түрлері мен одан сақтану жолдары, сонымен қатар жасөспірім тарапынан жасалған қылмыс, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер берілді.