20
қазан
2022
5-11 сынып білім алушылары арасында бірыңғай кеңес беру
2022 жылы қазан айының 20 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық,буллинг, кибербуллинг, күш көрсету, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ.Айтбаев және мектеп психологтары Р.Молдобекова және Ж.Черембаева 5-11 сынып білім алушылары арасында бірыңғай кеңес беру күнін өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, қылмыс, әлімжеттілік, бопсалау жасаған жағдайда заң аясында жауакершілікке тартылатындығы туралы айтылып, "Әлімжеттікке тап болсаң, өзіңді қалай ұстау керек? тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, кеңестер берілді.