16
наурыз
2022
"Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында дөңгелек үстел
16 наурыз күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке жасы толмағандар арасында құқықтық білімдерін жетілдіру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев 10 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға қоғамдық жердегі этика, құқықтық мәдениет, заңнамалық-нормалар, құқық бұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.Іс-шара барысында оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу мақсатында мектеп психологтары Р. Молдобекова және Ж. Черембаева "Достық құбыры" атты тренингін өткізді.