18
ақпан
2021
"Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында жиналыс
18 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке жасы толмағандар арасында құқықтық білімдерін жетілдіру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев пен "Жас қыран" ұлдар клубының мүшелері А. Жұбатхан, Е. Секен 9-11 сынып ұлдары арасында "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында білім алушыларға қоғамдық жердегі этика, құқықтық мәдениет, заңнамалық-нормалар, құқық бұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы дәрістер оқылды.