11
қазан
2018
Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары бойынша мектеп инспекторы мен құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарының бірлесіп атқарған жұмыстарына есебі
2018 жылдың 11 қазанында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары бойынша мектеп инспекторы полиция майоры Е. Тупековтың және директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаевтың есеп беру жиыны өткізілді. Өз есептерінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, адамгершілік-жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары баяндалды. Жиынға мектеп директоры Н. Койшиманова, кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы М. Абдыкасымов, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Д. Омарова, мектеп инспекторы Е.Тупеков, директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев, 9 қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.