Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, зиянды заттар және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбында өткен іс-шара туралы анықтама 2017-2018 оқу жылы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, зиянды заттар және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбында өткен іс-шара туралы анықтама 2017-2018 оқу жылы
08
ақпан
2018

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, зиянды заттар және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбында өткен іс-шара туралы анықтама 2017-2018 оқу жылы

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, зиянды заттар және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбында өткен іс-шаратуралы анықтама

2017-2018 оқу жылы

    Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - жасөспірімдерге берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деп ұлы данышпан айтқандай тәрбие адам өміріндегі басты құндылық болып саналады. 

      Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі! Балалық шақ-қобалжусыз, зорлықсыз және құқықбұзушылықтың алдын алуымыз керек. Әрбір кішкентай адам-бұл тұлға және бұл тұлғаның құқығы толыққанды қорғалуы тиіс,- Осы орайда  ақпанның 6 күні мектебімізде «Тәрбие-тал бесіктен басталады» тақырыбында тәрбиелік мағынасы бар кеш болып өтті. Кеш мақсаты жасөспірімдер арасында белең алып жатқан зиянды заттарды пайдаланудың және құқықбұзушылықтың алдын алу, қатыгездікке жол бермей жүректерінде имандылық пен  мейірімділік қасиеттерін ұялата отырып, шынайылыққа, адамгершілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

«Гауһартас» бишілер тобы қазақтың биін нақышына келтіре отырып биледі. «Бауырсақтар»  КВН командасы мектеп өмірінде кездесіп жатқан,  қызықты оқиғаларға байланысты миниатюра қойып, көпшілікті күлкіге бөледі. Келесі кезекте 8 «а» сыныбы «Қисық жол» көрінісін қойды. Бұл көріністің маңыздылығы қазіргі таңдағы қоғамдағы келеңсіз жағдайға тап болған жасөспірімдердің  бейнесін сомдап, есірткінің зияндығы мен оның салдарынан құқықбұзушылыққа баратындығы көрсетілді. Көрініс соңында ондай зиянды заттарға әуестік әрекеттері жақсылыққа апармайтыны және одан шығар жол бар екенін көрсетіп, ерекшеленді. Аяушылық сезімін ұялатқан көріністен кейін, Асқар Ақәділ «Сағындым Алматымды»  әуенімен шырқап,  көрермендердің көңілінен шыға білді.

 Жүргізушінің ән жолдарынан кейін, мектеп психологы Рабима Молдобекова «Бақыт алаңқайы» тақырыбында тренинг өткізді.        8 «а» сынып оқушылары Қазбек Жансая және Қыдырбекова Зейнеп «Қыздарға өсиет» тақырыбында монолог оқыды. 

Келесі кезектте 7 «а» сынып оқушылары «Қара пима» тақырыбында көрінісін көрермендерге тарту етті. Көрініс барысында әкесі баласының пимасын ішімдік үшін сатып жібергені, соның салдарынан баласының аяғы үсіп, ампутатцияға ұшырауы, шынайы өмірдің көрінісін беріп тұрды. Бала  өмірі көреремендердің көпшілігінің жүрегін дүр сілкіндіріп, көз жастарына ерік беруіне себепкер болды. 10 сынып оқушысы Жорабек Иляс «Қазағым» әнін нақышына келтіріп,орындады.

8 «ә» сынып оқушылары отбасында орын алып жатқан зорлық-зомбылық салдары, бала тағдырына кері әсерін тигізетіні, мұндай жағдай орын алған жағдайда заң аясында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны «Тағдыр» тақырыбындағы көрінісінде көрсетілді.      9 «а» сынып оқушылары  «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында көрсеткен көрінісінде есірткі тұзағына түскен жасөспірімнің өмірі көрсетілді. Ата-анасының, дәрігерлердің, достарының көмегімен мұндай тажалдан құтылуға болатындығын көрсете отырып, соңында жасөспірімдерге өмірінің ойранын келтірген қауіпті есірткіге мүлдем жоламауға шақырды.  Кеш соңында көріністердерден елеулі әсер алған оқушылар, жақсы көңіл-күймен тарқасты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив