«Қауіпсіз интернет»
№5 Ақарал орта мектебінде өткен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткізілген іс-шаралар туралы
хабарламасы
2016-2017 оқу жылы
Мектепте «Қауіпсіз интернет» науқанына байланысты жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Мектеп оқушылар арасында әлеуметтік желілерде болатын баланың денсаулығына кері әсерін тигізетін ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша мектеп инспекторы Е. Тупеков үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. 5-11 сыныптар аралығында «Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтілді. Мектеп психологы Р. Молдобекова теріс ықпалын тигізетін интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары мен тренингтер өткізді.
«Ата-аналар үшін жадынама» тақырыптарында оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар мен парақшалар таратылды.
5-10 сынып оқушылары арасында «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» айдарымен акция өтіп, соңы флешмобқа ұласты. Мектеп кітапханашысы Г. Маделиева мектеп оқушылары арасында ««Интернет орнына кітап» тақырыбы акциясын өткізді. Ғаламторды пайдалану - қажеттілік пе? әлде? Тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Ғ. Қасымов 9-10 сыныптар арасында дебат өткізді.
Балалардың телефондар мен компьютерлердеинтернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері бойынша ата-аналарға мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Отбасылармен ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірге ата-аналарға жадынама парақшалар мен WhatsApp мессенджерлері арқылы топқа қосылған ата-аналарға ұсынымдар таратылды.