24
сәуір
2017
«Қызым саған айтам...»
№5 Ақарал орта мектебі
«Қызым саған айтам...»
(сырласу кеші)
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Қызым саған айтам...» (сырласу кеші)
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында
қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,
адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
1. Арнайы шақырылған қонақтар
- Мектеп директоры: Н. Қойшиманова
- Әжелер клубының жетекшісі: Г. Үсенова
- Аналар клубының жетекшісі: М. Арыстанбаева
- Ардагер ұстаз, математика пәнін мұғалімі: А.Далиева
- Мектеп медбикесі: А.Кушенова
- Қыз балалардың аналары
- 8 – 11 сынып қыздары
Барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Тренинг
ІІІ. Баяндама
ІҮ.Кім кінәлі (жағдаятты шешу)
V.Пікірлер алмасу. (видео көрсету)
VІ.Қорытындылау
Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары, бүгінгі «Қызым саған айтам...» сырласу кешіне қош келдіңіздер!Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген.Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен.Тәңірінен болғанымен таңғы асы
Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінгі кешімізге келіп отырған кеш қонақтарымен таныс болыңыздар деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова өз сөзін қорытындылап кешімізге келген қонақтарды таныстырып сөз берді

Сөз кезегі мектебіміздің директоры: Қойшиманова Нурила Сейсембайқызына берілді. Өз сөзінде мектеп директоры қыз бала тәрбиесіне байланысты болашақ ұрпақтың өз қатарынан озарыда қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдеміде де ажарлы қыздар көп болса біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді деп өз сөзін аяқтады.
Әжелер клубының жетекшісі: Г. Үсенова қазіргі қыздардың заман ағымына сай батыс елдеріне еліктеуі біздің қазахи менталитетімізге кері әсерін беріп мемлекетімізде көптеген қыз балалар ашық киініп, жат қылықтарға бейімделіп өздерінің мәдениеттілік сауатсыздығынан әр түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болуда. Сондықтан да интернет желісіндегі порнографиалық сайттарды, түнгі клубтарды әр түрлі секталық ұйымдарды жабу мақсатында өкімет тарапынан іс – шаралар ұйымдастырылуы қажет.
Өз сөзінде «Әке асқар тау» демекші өзінен кіші бала болсада жолын кесіп өтпеуі, ер адамның алдында өзін – өзі ұстау мәдениеті туралы айтып кеңінен тусіндіріп өтті.
Ардагер ұстаз, математика пәнін мұғалімі: Далиева Асия апай өз сөзінде қазақ халқы «қыздың жолы жіңішке» деп, қыздың жаза баспауын қатаң қадағалап отырған. Әрине бойжеткен абыройы оның ақыл – парасатына, инабаттылығына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білім дарлығына, сезім дүниесі жайлы ой – өрісінің тереңдігіне байланысты екені хақ. Сондықтанда әр бір ата – ана өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды. Әсіресе қыз анасына көп нәрсе байланысты. Ал, анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройында сақтай білмейді. Өз намысын қорғаған қыз ожар, есер жігітке кіріп тар болмайды, қайта есті жігітке ес қосады деп өз сөзін аяқтады.
Мектеп медбикесі: Кушенова Азиза Шпанқызы өз сөзінде жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, өзінің қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны.
Осындай келеңсіздікке ұрынбас үшін қазір отау құрғалы жүрген, үйленгелі жатқан жастар алдымен гинеколог маманға келіп жолықса, тексерілсе екен дейміз. Себебі, бұл тексеру ертеңгі ұрпақтың сау болуы үшін де керек. Екі жастың қан топтарын анықтаймыз. Теріс резустың кесірінен отау құрып алып, жылдар бойына бала сүйе алмай жүрген жас жұбайлар өте көп. Міне осындай бақытсыздықтың алдын алу үшін де отау құрғалы жүрген жастар алдымен гинеколог маманның кеңесін алғаны дұрыс.
Мектеп психологтары Р.Молдобекова мен А.Толганбаева «Баланың мүсіні» атты тренинг жүргізді. Тренинг барысын түсіндіре отырып, яғни барлықтарымыз отбасыларымызға сәби келгенде қуанамыз аналарымыз әкелеріміз ұлды қызды болдық деп , ата – әжелеріміз немерелі, шөберелі болдық деп алайда балалардың тез өсіп келе жатқанын байқамайда қаламыз. Қәзіргі таңда көптеген ата аналарда балаларымызға қалай тәрбие береміз деп және баланың жақсы адам болып өсуіне алаңдайдыдеп айта келе. Осы жерге бір ана шықса екен деп тренингісін бастады. Міне бағана айтып кеткендей отбасымызға келген баламыз өсіп. Үлкен қыз болды, сабағын жақсы оқыйды өте ақылды, жан – жақты ата – анасына сұрақ көп қояды өйткені бұл қызға бәрі қызық. Қыз 1 сынып оқушысы деп жағдаятты бастады.
Таңертен анасы қызын мектепке шығарып салуда екеуі мектепк келе жатыр.
Қызы анашым мынау не қарашы?- деп сұрақ қойды
Анасының жауабы қызымаяғына қарап жүр құлап қаласын, жан – жақа қарама тез жүр мектепке кешігеміз...(көзін лентамен жабамыз)
2.Анасы мен қызы мектепке асығып бара жатыр, анасы кұрбысын көріп қалып әңгімелесіп қалды арасында қызы тыңдап тұрып анасына анашым болыңыз кешігеміз деп жәй дауысымен айтты. Және Марина апай деген кім деп сұрады анасының өз құрбысымен әңгімелесіп жатқанынан естігенін сұрап қалды.
Анасының жауабы қызым қалай сен үлкендердің сөзін бөлесін, ұялмайсыңба менің құрбым қызы тәртіпсіз деп ойлап қалады емеспе, келесі жолы қайталанбасын үлкендер сөйлеп жатқанда тыңдауға болмайды деп анасы жауап береді. (құлағын лентамен жабамыз)
3. Қызы мен анасы әліде жолда қызы анасына анашым менің мектепте бүгінгі күнім қалай өтеді екен жақын құрбым Машаны сагынып кеттім...
4. Анасының жауабы қызымнеге осы сен көп сөлейсін қайдағыны айтпашы болды, аузынды жауып жүр міне мектепке жетіп қалдық. (аузын лентамен жабамыз)
Қызы үндемей мектепке жете берген кезде қолына бір шыбықты алды.
5. Анасы қызының қолынан ұстап алып не степ жатырсын қолын кір болады не болса соны ұстай берме деп ұрсып, қолынан тіпті ұрыпта жіберді (қолы лентамен байланад)
Қызы мектепке кіріп өз достарын көріп секіріп, құанып кетті.
Анасынеушін секіріп жатырсын, қайдан шығарып алдын бұл әдетті әдемі тұр, жина аяғыңды деп өз жауабын айтты (аяғы лентамен байланады)
Ал міне біздің жан – жақа қарама, көп сойлеме, қолыңды жина, секірме, құлағынмен не болса соны тыңдама, тік тұр деген баламыз.
Біз баланың әр қылығына, сөзіне ұрсып, ұрып көңіліміз толмайды, ал бала өз анасынан немесе әкесінен жылы сөздер мен қамқорлықты күтуде.
Құрметті ата – ана кішкентай қыздың рөлін ойнадыңыз қандай сезімде болдыңыз?( ата – ана өз сезімімен бөлісуде)
Мен сізді осылай құшақтап алғанда қандай сезімде болдыңыз?
Мектеп психологы Р.Молдобекова әрқашан балаларыңызды құшағына алыңыздар, қыздарыңызбен сырласыңыздар балалардың жақсы тәрбие алуы сіздер мен біздердің қолымызда деп тренингті аяқтады.
Мектебіміздің әлеуметтік педагогы М. Алденбаева «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты баяндама оқыды. Баяндамада : Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыдамдылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу
Қазақ қызы десе, бет-жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді, шолпының сыңғыры құлағымызға келеді. Жібектей сызылған қырдың қызыл гүліндей бүлдіршіндерді көргенде халқымыздың қандай жақсы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болғанына риза боламыз, мақтанамыз.
Қыз бала тәрбиесіне халқымыз сонау заманнан ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз бала алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорға мінгізу, босағада отырғызбау сияқты дәстүрлі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған.
Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен жылу жоқ жерде тірлік-мақұрым. Ал екеуінің көктегі көзі – күн, жердегі көзі – Ана. Ананың мейірін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес. Отбасы түзелмей, Отан түзелмейді. Ал қыздар – болашақ аналар!
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың төккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады.
Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, әдепті-ізеттілігімен, иманды инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан әлпештеп, мәпелеп, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған. Жасөспірім шақтағы еліктегіш қасиеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» керектігін үнемі еске салған. Үй ішіндегі кесте тігу, өрнек, кілем тоқу, ән-күй, айтыс сияқты түрлі өнерге баулығын.
Халық қыз бала тәрбиесін 4 ұғым: адал мен арам, обал мен сауап төңірегінде топтастырады. Ұлт дәстүріндегі бір ерекшелік- тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына астарлап, тұспалдап жеткізу. Мысалы, «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда», «Қыздың қырық жаны бар» деген мақал-мәтелдерде тәрбиелік талап- тілектерді жанамалап жеткізген.
Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Қыз баланың көркі алдымен шаш күтіміне байланысты. Қыз баланың талғаммен киінуі дегеніміз – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, бар киіміңді ұқыптылықпен, орны-орнымен, өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағын көрсетіп, моданы өзіне бейімдей ала білуі. Қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, жүріс-жүгірісі, сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы) әсем де нәзік болуы тиіс.
Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Қызға қырық үйден тыйым,қала берді қара күңнен тыйым» деп білген. «Әйелді сүйіктіге айналдыратын –ар мен ұят» деп санаған халқымыз қазақ қыздарына мынадай 10 түрлі талап қойған:
1. Әдептілік;
2. Ар-ұждан пәк болу;
3. Кеңпейіл, кешірімді болу;
4. Мейір-шапағатты болу;
5. Ақыл-парасатты болу;
6. Сабыр-салмақты болу;
7. Адал, ақ жарқын болу;
8. Моральді, мұратты болу;
9. Өжет, батыр болу;
10. Ұят, намысты болу.
Қызың көргенді де ибалы, сөзі – сынық, ісі – түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жаймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе – ажарың.
Ал, тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауларын ашып, көрінгенге көзін тесіп, күндіз кетіп, түнде келіп жатса – азабың.
Тән сұлулығы деген бар, жан сұлулығы деген бар. Тән сұлулығы – сыртқы көз арбар көрініс. Жан сұлулығы – бұл әйелдің ішкі дүниесі, Сезім шынайылығы, мінез байлығы, пейіл кеңдігі, ар алдындағы адалдығы.
Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын. Жан сұлулығы – бұл тереңдегі ағын. Осы екі қасиет бір адамның басында ұштасса, ғұмыр бойы айналасын нұрға бөлеп өтер еді.
Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Сәлеуетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгін мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі тарихтың көзі –жанұя. Ал сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы, жайнаған осы жауқазындар. Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ «деп Абай атамыз айтқандай, қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса, біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді өз баяндамасын аяқтады.
Сырласу кешіне қатысқан ата – аналармен және 8 – 11 сынып қыздарымен «Кім кінәлі» атты жағдаят жүргізілді. Ата – аналар және қыздар өз пікірлерін айтып топқа бөлініп белсеңе қатысты, әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салды.
Жүргізілген «Кім кінәлі» жағдаятынан көріні
Келесі бөлімінде «Қазақ қызы бүгінгінің қандайсын» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте жақсы қызбен, жаман қыздың айырмашылықтарын көрсетті. Яғни жақсы қыздың қасиеттері ол тәрбиелі, жат қылықтардан аулақ болу, кітап оқып еңбек ету, абыройлы болып ана атану, қазақ халқына еңбек етіп өз үлесін қосу. Ал жаман қыз бойындағы жат қылықтарға әуес болу, ақшаны жеңіл жолмен табу, жеңіл жүрісті болу т.б қасиеттерді айтып кетті.
Бірде ащы, бірде тәтті балдайсын,
Қара түнек, жарқын күнбе қалауың
Өз қолыңда қайсымызды таңдайсың? – деген сұраққа оқушылар өз ойларымен бөлісе келе, барлық қыздар жақсы қыздың бойындағы қасиеттерді қолдайтынын айтты.
«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.
Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер дей келе аналар мен қыздар өткізілген сырласу кеші бойынша өз ойларын айтып қандай сезімде болғандарын, осы жиналыстан қандай ой түйгендерін және ұсыныстарын айтып кері байланыс парағына түсірді.
Бүгінгі «Қызым саған айтамын» тақырыбында жүргізілген сырласу кешімізде өз деңгейіде өтті. Құрметті аналар алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Сау болыңыздар!!! Сырласу кеші аяқталды.