
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН" науқаны аясында 2025 жылдың желтоқсан айының 8 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында балаларға және жалпы қоғамға зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелері жайлы хабардарлықты арттыру; балалардың құқықтарын, олардың қауіпсіздік пен бейбіт өмір құқығын насихаттау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ф.Асубаева 8-9 сынып білім алушылары арасында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!" тақырыбында эссе байқауын өткізді. Байқау барысында білім алушылар жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті, саналы тұлға болып өсулеріне және зорлық-зомбылық адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін ауыр соққы екендігін жазған. Байқау нәтижесі бойынша 8 "ә" сынып білім алушысы Ниязбекова Наринэнің жұмысы үздік деп танылды.