22
ақпан
2023
Мен зорлық - зомбылықсыз өмірді таңдаймын!
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында өткізіліп жатқан "Ақпан айы - психологиялық кеңес беру айлығы" аясында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу мақсатында "Мен зорлық - зомбылықсыз өмірді таңдаймын!", әлеуметтік желі арқылы қорлау, қудалауға жол бермеу, бір - бірлеріне күш көрсетудің алдын - алу мақсатында "Кибербуллинг, буллингке тосқауыл қояйық!" тақырыптарында 8 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел, тренинг жүргізілді. Жауапты: мектеп психологы Р.Молдобекова, Ж. Черембаева