№5 Ақарал орта мектебінде «Ақарал прогресс» кәсіби қоғамдастығы аясындағы оқушылар арасындағы «Нұр шуақ» тәлімгерлік үдерісі бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
№5 Ақарал орта мектебінде «Ақарал прогресс» кәсіби қоғамдастығы аясындағы оқушылар арасындағы «Нұршуақ» тәлімгерлік үдерісі бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Өмір-теңіз,
Жүзем онда демеңіз,
Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады. «Өршіл, намысшыл» жас отаншыл келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі бойынша ұсынған бағыттарының маңызды тетігі жастардың интеллектуалдық және жоғары кәсібилік капиталына негізделген. Осы орайда егеменді еліміздің ертеңгі ел тұтқалары-жастарымыздың, яғни, №5 Ақарал орта мектебінде «Ақарал прогресс» кәсіби қоғамдастығы аясындағы оқушылар арасындағы «Нұр шуақ» тәлімгерлік үдерісінің болашаққа бағдары мен жемісті еңбегін атап өтсе болады. (1-слайд)
Оқушылар қауымдастығының мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Жалпы «нұр шуақ» ұғымының халқымыздың ұлттық мәдениетіндегі орны ерекше. Жаңадан құрған игі істерге, жастарға дана халқымыз тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген ниетін білдіріп, «нұрлы шуақты» болсын деген қасиетті тілекке сыйдырған. Бұл сөздердің мазмұны және оның дүниетанымдық мәні тереңде жатыр.
«Нұр шуақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:
· Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу, шығармашылық танымдық ойын арқылы жетелеу;
· Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
· Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.(2-слайд)
Біздің мектептегі «Нұр шуақ» оқушылар қауымдастығына жас аралығы әртүрлі екі сынып біріктіреді (Мысалы, 12 және 9, 11 және 8, 10 және 7 жас). «Нұршуақ» деген оқушылар қауымдастығының өз аты, арнайы белгілері (галстугі), ұраны және тәлімгер анты бар. Галстуктегі таңбаны алатын болсақ, күннің шуағын нұрлы болашаққа жол бастайды деген ниетпен таңдап алдық. Сонымен қатар, тәлімгерлердің ар-намыс кодексі оларды қабылдау сәтінде салтанатты түрде айтылады.(3-5 слайд)
Тәлімгердің ар-намыс кодексі
Бізде достым, білу керек әрқашан:
Тәртіп пенен ереже бар сақталған.
Беделді бол, сыйластықтан үлгі бол,
Достары да, сыныбы да қолдаған.
Жақсы болар тазалықты сақтасаң,
Табиғат пен мүлікті де баптасаң.
Бұл да сенің туған үйің, отаның,
Тіпті жақсы, осыны, есте сақтасаң.
Достым менің, есіңнен сен шығарма:
Еш уақытта бөлектенбе, шет қалма,
Қасыңдағы үлкен кіші достарды
Ренжітпе сен, көңілін де қалдырма.
От жақсаң сен, қоқыс шашсаң далаға,
Зиян келер жерге-біздің Анаға.
Тағдыры оның біздің қолда екенін
Білу керек, кәрі-жасқа, балаға,
Ең бастысы, мына сөзге құлақ тос:
Әрқашан да сенімен бірге адал дос.
Қуанышты да, қайғыны да бөлісер,
Ол әрдайым сенімді де жақсы дос.
Құпияңды сақтай білер сырласың,
Қиындықты жеңілдетер жолдасың,
Қажет кезде, бола алар құрдасың
Ол, әрине, тәлімгерің-қамқоршың.
«Нұр шуақ» тәлімгерлік үдерісінің шығармашылық пен білімді ұштастыра білген топтың сапалы жұмыстары нәтижелі болу үшін тоқсанына 1 рет отырыс ұйымдастырады.Оқу жылы барысында «Нұршуақ» оқушылар қауымдастығы арасында әр түрлі жарыстар мен сайыстар (спорттық, зияткерлік, мәдени) өткізіледі, қатысқаны мен жеңістері үшін оқушылардың әр қауымдастығы ұпай сандарын жинақтайды.Оқу жылы соңында «Нұр шуақ» қауымдастығының ең жоғары ұпайын жинап, жеңіске жеткен тобына «Жеңімпаз» кубогі беріліп, аудандық өлкетану музейіне, «Жұлдыз» сауықтыру лагеріне жолдама табыс етіледі. Тоқсандағы жетістіктері үшін оқушылардың әр қауымдастығы кино, музей, басқа да мәдени орталықтарға бару билеттерімен қамтамасыз етіледі.(6-7 слайд)
«Нұр шуақ» оқушылар қауымдастығы аясында жүзеге асырылатын жобалар қолдау тауып, оларға тәлімгерлер белсене араласады.(8-17 слайд)
«Нұр шуақ» оқушылар қауымдастығы мүшелері мектепішілік шараларға және өз қалаулары бойынша ұсынады.
Атап өтетін болсақ:
· «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициялары;
· «Патриоттық әндер» жобасы;
· Интеллектуалды және онлайн интерактивті ойындар жарысы;
· «Флеш-моб» жобасы;
· «Жұлдызды сәт» жобасы;
· «7 қайырымды іс» жобасы;
· «Мектеп түлектерінің жұлдызды күндері» жобасы;
· «Денсаулық күні» жобасы;
· «Өнер күні» жобасы;
· «Отан деп соғар жүрегім!» қоғамға қызмет ету жобасы
«Нұр шуақ» тәлімгерлік үдерісін SWOT талдауына салып, мынадай қорытындыларға келдік.(19-слайд)
Күшті жақтары:
Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу, шығармашылық танымдық ойын арқылы жетелеу;
Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.
Мүмкіндіктері:
Әр жастағы оқушылардың өзара ынтымақтастығы;
Жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қамқорлық танытуы өзара әріптестік мәдениетін қалыптастырады, көшбасшылық қабілеттерін дамытады;
Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне көмек көрсетеді;
Біртұтас команда, корпоративті рух қалыптасады.
Әлсіз жақтары:
Өз істеріне өте батыл талап қоя білмеуі;
Әртүрлі проблемелардың алдын алу шарттарын игермеуі.
Қауіптері:
Кіші топтағы балалардың тәлімгерлердің жұмысын мойындамауы.
· № 5 Ақарал орта мектебінің оқушылары арасында өнердің 5 бағыты бойынша І желілік Арт-фестивалі ұйымдастырылмақ.
· Желілік арт-фестивальдің ашылу салтанатына аудандық «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Ә.Т.Исаева, Ақарал ауылдық округінің әкімі Б.Ә. Мажиев, №5 «Ақарал» орта мектебінің директоры Н.С. Қойшиманова, балалар мен жасөспірімдер «Үміт» сарайының педагог-үлестірушісі М.Ж.Турекулова, хореограф Ж.Т. қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік жетекшісі З.Ш. Дауренбекова және т.б. қатысады.
· І желілік Арт-фестиваль аудан аумағындағы, атап айтқанда № 44, № 16, № 3, №4 мектептерінің 594 оқушысын және 36 мұғалімін біріктіреді.
· І желілік Арт-фестивальдің мақсаты – оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы, олардың бойында құндылықтық бағдар қалыптастырып, тұлғаның Отансүйгіштік және әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерін арттыру.
· Арт-фестиваль екі кезеңге бөлініп өткізіледі:
· Бірінші кезең өнердің 5 бағыты бойынша №5 Ақарал орта мектебінің алқа залында өткізіледі. Олар: «Мюзикл жанрындағы қойылым», «Үздік көркем сурет және графика», «Үздік арт-фото», «Үздік қолөнер», «Үздік аспапта ойнау ансамблі» бағыттары. «Мюзикл жанрындағы қойылым» көркем сөз, вокал, хореография негізінде оқушылардың шығармашылығын тануға, «Үздік көркем сурет және графика» бағыты-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнелеу өнері жанры бойынша жұмыстар көрмесі, «Үздік арт-фото» бағыты табысты, салауатты өмір салтын ұстанған мектеп өмірін, сән үлгісі жанры бойынша ұлттық тұрғыдағы және басқа киім үлгісін көрсету, «Үздік аспапта ойнау ансамблі» бағыты-домбырашылар ансамблі, сырнай, гитара т.б. аспаптарда шығармаларын орындау, «Үздік қолөнер» оқушылардың ағаштан, жүннен, киізден, теріден, сүйектен, қыштан жасаған жұмыстарын насихаттауға бағытталған.
· І желілік Арт-фестивальдің екінші кезеңі ұйымдастырылады, «Үздік әлеуметтік ролик» актерлік шеберлік, «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы негізіндегі әлеуметтік маңызы жоғары идеяларды тарату, «Табысты мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасындағы кітаптарды оқып, оны көркем сурет және кескіндеме арқылы суреттеуге, «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясын, «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік тәжірибелерін танытуға, мектептерінің үйірме жетекшілері шеберлік сыныптарын көрсетеді. Бұл шарада көркемөнерпаздардың үйірмелерінен бастап, қолөнершілердің шеберлік сыныптарын тамашалауға және вальс үйреніп, флеш-моб билеп, сергуге мүмкіндік қарастырылған. І Желілік Арт-фестиваль қатысушыларына арналған «Елбасы жолы» фильмін тамашалау, EXPO Party интеллектуалды жарыстары, «Достарыма тосын сый» танысу кеші, орталық Меркі музейін аралау, шығармашылық аялдамалар ұйымдастырылған.
· Ал ең басты Арт-фестиваль жаңалығы – Ш.Қалдаяқовтың әндеріне арналған №16, №44, №4, №3 мектептердің оқушылары арасындағы «Зияткер балы» Ақарал ауылдық мәдениет үйінде өтеді.
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}