10
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы!» тақырыбында эссе жазу байқауы
2025 жылдың 10 желтоқсанда №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 8-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы!» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін ояту, Тәуелсіздіктің маңызын ұғындыру, тарихи сананы қалыптастыру және жазбаша сөйлеу, ой еркіндігін дамыту.
Байқауға жоғары сынып оқушылары белсене қатысып, өз шығармаларында Тәуелсіз елдің жетістіктерін, бабалар ерлігін, бейбіт өмірдің қадірін баяндап, ел болашағы үшін жастардың жауапкершілігін көрсете білді. Эсселер мазмұны, көркемдігі, сауаттылығы және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланды.
Қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталды. Үздің жұмыстар аудандық эссе байқауына жолданды.