19
ақпан
2021
"Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы" атты мерекелік кездесу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында ағымдағы жылдың 19 - ақпан күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Э.Жуанышова, Г.Самбетова мен Алматы мемлекеттік құрылыс техникалық колледж оқытушысы, мектебіміздің түлегі Толымбек Жортулы Байжүнісұлымен "Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы" атты мерекелік кездесу өткізілді. "Меркі тынысы" газетінің тілшісі А.Нұралиев Тәуелсіздік жолы оңай жол емес екенін, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түскенін баяндады. Біздің еліміз бүгінгі күнге дейін сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келгені туралы, ел мен болашақтың жүгін арқалаған желтоқсан қатысушылары құрметіне мектебіміздің 2-10 сынып білім алушылар мен бастауыш сынып мұғалімі Г.Садирмекова тақырыпты өлең мен әндерін тарту етті. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарымызды біз ұмытуға тиіс емеспіз.