16
ақпан
2021
"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кездесу
2021 жылдың 16 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында АƏТД жетекшісі Е. Қазыбаевтың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес əскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге арналған, үлкен тəрбиелік мəні бар, салиқалы кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысы - жүректен өшпейтін жара қалдырған, тарихта орын алатын ерекше оқиға екені рас. Кездесуде оқушылар Ауған соғысының ардагері, мектебіміздің түлегі Шолпанқұлов Ержан Диханалыұлымен əңгіме барысында өз аузынан соғыс зардаптарын естіп, қаншама адам қаза тапқаны, қайтқандары мүгедек болып оралғаны туралы мағлұмат алды. Кеш соңында, мектеп директоры Н.Койшиманова "Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кездесуді қорытып, əлемде тек тыныштық болып, балалар бақытты өмір сүрсін, соғыс болмасын,- деді. Ер есімі, мәңгі ел есінде болатыны анық.