16
ақпан
2021
"Ер есімі ел есінде"
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының тарихи өлкетану музейінің "Ер есімі ел есінде" қабырға сөресімен 5 а сынып білім алушыларына Кеңес үкіметінің Ауғанстан жерінен әскерінің шығарылуына 32 жыл толуына байланысты, өз отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар ағалар ерлігін насихаттау, Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында ауған соғысының қатысушысы Юрий Петрович Матвеенков ерлігі жайлы тарих пәні мұғалімі Б.Смайыл терең мағлұматтар берді. Ю. Матвеенков Солтүстік Қазақстанда Көкшетау облысы, Қызыл әскер ауданы, Заречное ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Саратов қаласындағы Жоғарғы әскери ұшқыштар училещесін үздік аяқтап, 1981жылы Отан алдында борышын өтеуге әскерге шақырылған. 1983 -1986 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданы Қызыл - октябрь жүзім совхозында әкесі Петр басқарған #4 бригадаға жұмысшы болып қабылданады. 1986 жылы Кеңес әскерлері Ауғанстан жеріне енгізілгенде бірінші қатарда жауынгер, ұшқыш Ю. Матвеенков болды. Ауған соғысында 60 әскери барлау жасап, соңғы "Сәуір" операциясы барысында қазаға ұшырайды. Ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін Қызыл Ту орденімен марапатталып, қазіргі таңда Меркі ауданы Кузминка елді мекенінде жерленген. Ақарал ауылында Ю. Матвеенков атына орталық көшенің бірі берілген. Ерлік ұмытылмайды, ешкімде ешқашан ұмыт қалған емес!