13
ақпан
2020
Әскер елдің айбыны" тақырыбында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай білім алушыларымен кездесу
N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында Кеңес елдерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай қажетсіз соғыстың қасіреті туралы мағлұмат беру, білім алушыларымызды ерлікке, ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында "Әскер-елдің айбыны" тақырыбында 13.02.2020 ж кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға аудандық Қорғаныс істер бөлімі бастығының орынбасары капитан Ж. Абиев және интернационалист-жауынгер ардагерлер Е. Шолпанкулов, О. Бусеев, Е. Зетқұловтар қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз туралы ой бөлісті. Ақарал ауылының тумасы Ю. Матвеенков 1987 жылы "Сәуір" революциясы әскери-жауынгерлік міндетін адал орындаған, қазіргі таңда көше аты берілген, үлгілі өмірі туралы көрсетілім көпшілік назарына ұсынылды. Кездесу барысында бастауыш сыныптардың тақырыптық өлеңдері мен "Теңізшілер" биі көпшіліктің көңілінен шықты. Мектеп директоры Н. Койшиманова Ауған соғысының қанды күндерін бастан кешірген, тарих парақтарымен бөліскен, ардагерлерге алғысын білдіріп, сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау жасөспірімдер үшін үлкен ғанибет болғанын атап өтті.