06
ақпан
2020
"Жасыңнан шынықсаң ғасырға жарайсың" тақырыбында ашық мотивациялық кездесу
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылдың 24 қаңтардағы №78 хаты негізінде №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ақпанның 6 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жасыңнан шынықсаң ғасырға жарайсың" тақырыбында ашық мотивациялық кездесу өткізілді. №17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғ. Ашкеев, Монғолия мемлекетінде бокстан Азия чемпионы атанған Б.Жексен, №18 спорт мектебінің қол күрес жаттықтырушысы А.Садықов қол күрестен Республика чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ж.Рақымбаева, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген бапкері Б.Жанбосынов, Әлем кубогының жүлдегері, дзюдо чемпионы Т.Насридин жамбы атудан Әлем чемпионы Е. Бадашев сынды ардагер спортшылар мен қазіргі таңда еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғап жүрген азаматтар мектеп білім алушыларымен жүздесіп, үлкен спортта жетістікке жету үшін еңбекқорлық пен табандылық, жігер мен қайрат қажет екенін айтты. Кездесу барысында 4-7 сынып оқушылары тақырыпты ән мен спорттық биді орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Жүргізушілер спорт майталмандарына сұрақтар қойып сыр сұхбат жүргізді. Ақарал ауылынан шыққан спортшылар мен чемпиондар туралы компьютерлік таныстырылым көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп директоры Н. Койшиманова денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін тілге тиек етті. Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды екенін айтып, жасөспірім балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.