23
қыркүйек
2019
"Құқық бұзушылықтың алдын алу басты-міндет" тақырыбында орган қызметкерлерімен кездесу
№5 жббмг қыркүйектің 23 күні 9-11 сынып оқушылары және ата-аналары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу басты-міндет" тақырыбында орган қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Меркі аудандық полиция бө лімінің бастығы, полиция подполковнигі Ахмедов Н. А. Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің ювениалды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Дауренбеков Б. Б. Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің ювениалды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Тупеков Е. А. қатысты. Кездесуде қазіргі таңда орын алып отырған жасөспірімде р арасындағы қылмыс пен оның алдын алу профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары мен 82 ата-ана қатысты.