«Ақылды балаға- ақылшы ата-ана» атты онкүндікте 10 «А» сынып білім алушыларымен 15.11.2018ж «Бала тәрбиесі басты назарда» тақырыбында құқық қорғау органдарымен, ата-аналармен бірлескен кездесу кеші
10 «А» сынып білім алушыларымен 15.11.2018ж «Бала тәрбиесі басты назарда» тақырыбында құқық қорғау органдарымен, ата-аналармен бірлескен кездесу кеші өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушылардың өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге үйрету ата – заңды құрметтеуге, сыйлауға, кез келген мәселені әділ шешуге тәрбиелеу. Білім алушылармен кездесуге ауданнан АІІБ ЖПҚ ЮПТ бөлімінің аға инспекторлары полиция майоры Омарова Динара мен Еркебұлан Тупеков келді. Кеш барысында білім алушыларға бейнероликтер, жағдаяттар ұсынылып, бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата – ана, жақсы дос екені сөз болды. Білім алушыларға ерте жастағы жыныстық қатынастар мен зорлық – зомбылық бойынша сұрақтар қойылып, полиция майоры Омарова Динара мәліметтер берді.