«Білім биржасы» атты білім алушылар мен ата-аналармен бірлескен зияткерлік сайыс
Қараша айының 8-і күні 2ә,б сынып жетекшілері Ш. Ермаханбетова және Г. Садирмекованың ұйымдастыруымен «Білім биржасы» атты білім алушылар мен ата-аналармен бірлескен зияткерлік сайыс өткізілді. Мақсаты: білім алушыларды алған білімдерін заман талабына сай өмірдің кез келген сәтінде дұрыс пайдалана алу және қаржылық сауаттылықты арттыру. Сайыс жалпы 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа «Эврика», «Болшақ», «Асыл тас» 3 отбасынан құралған 3 топ қатысты. Бірінші кезең «Білім аукционында» пән бойынша сұрақтар саудаға түсті. Екінші «Эрудиттер» сайысында ата-аналарға арналған «Суретті мақалдарды» шешуде қызығушылықтары басым болып, тапсырманы зор ынтамен орындады. Үшінші «Таңдау-табыс» кезеңінде топ мүшелері берілген лоттарды таңдап, жұмбақтардың шешуін үш тілге аударды. Төртінші «Ым-ишара» кезеңінде ұсынылған сөздерді дыбыссыз қимылмен көрсетіп, жауабын табу, балалар мен ата-аналардың қызығушылығын арта түсті. Сайысымыздың қорытындысы бойынша «Эврика» тобы 140 евро жинап, жеңімпаз атанды.