Мектепішілік Абай оқулар байқауы
2018 жылдың 25 сәуірінде №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті. Байқауға 5-7 сынып білім алушылары қатысты.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Сайыс үш бөлімнен тұрды
І бөлім «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
ІІ бөлім «Қара сөздің-тұңғиығы тереңде» Бұл бөлімде білім алушылар Абайдың 45 қара сөзінен біреуін жатқа айтып, оның мағынасын түсіндіріп беруі керек.
ІІІ бөлім «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар өз сезімдерін жырмен жеткізуге талпынды.
Білім алушылар ақын өмір жолы, шығармашылық еңбектері туралы компьютерлік таныстырылыммен таныстырылды.
Білім алушылар Абайдың шығармаларын мәнерімен нақышына келтіріп оқыды. Қара сөздері философиялық ойдың тереңдігін және әдеби сөздерді қолданудың үздік үлгісі екені айрықша айтылды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде Марат Айзере бас жүлдені иеленіп, 27 сәуір күні өтетін аудандық байқауға жолдама алды. Ал І орынды 5ә сынып білім алушылары Қылшабай Амина мен Нұрсейтқызы Еркеайым бөлісті. ІІ орынды 5ә сынып білім алушысы Күмісбек Қаракөз , ІІІ орынды 5а сынып білім алушылары Анар Асима мен Жайлау Гүлбегім иеленді. «Қара сөздің-тұңғиығы тереңде» бөлімі бойынша Ерхан Жұлдыз І орын, Бекберген Назгүл, Шоңшабай Айым, Қыдырбек Айсезім ІІ орын, Тұрысбек Нұржас, Жамбыл Нұрай, Алауатдинова Анель ІІІ орын иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша 8а білім алушысы Қазбек Жансая мен 7а сынып білім алушысы Тоқтақан Аруна І орын иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.