№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде 10.01-10.02.2018ж аралығында өткен айлық қорытындысы туралы хабарлама.
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде
10.01-10.02.2018ж аралығында өткен айлық қорытындысы туралы хабарлама.
Мектебімізде жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына байланысты бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Сонымен бірге акцияға арналған бұрышнама жасалынды. Жеке кәсіпкерлер және ауылдың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Мұғалімдер рейдке көше аралауға шықты. Рейд барысында мектепке келмей жұмыс істеп жүрген оқушылар анықталған жоқ. Бірақ, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Ол отбасыларға көмек көрсету негізінде, үндеу хаттарымызға жауап ретінде аулымыздың белсенді азаматы Байтиков Елдос 8000 (сегіз мың) теңгеге 9 ә сынып оқушысы Сұлтаналы Наргизға сырт киім және 10000 (он мың) теңгеге 3 б сынып оқушысы Қойлибай Бекжанға мектеп формасын алып берді. Ал, 5 а сынып оқушысы Баисов Арманға сынып жетекшісі Азиза Бабалиева 5000 (бес мың) теңгеге қыстық аяқ киім беріп, демеушілік көрсетті.
2018 жылдың қаңтар айының 16 күні 4-5 сынып оқушыларымен «Адамгершілік асыл - қасиет» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету болды. Сабақта білім алушылар белсенділік танытып, жақсы қатысып отырды. Білім алушылар «Адамгершілік» сөзінің мағынасын толықтай аша білді. Қаңтар айының рейд және көше аралау жұмыстары жалғастырылуда.
Көмек ретінде ауылымыздың жеке кәсіпкері Жұмағұлов Өркен 15000 (он бес мың) теңгеге көлемінде аз қамтылған отбасынан шыққан 11 ә сынып оқушысы Берікбаева Сандуғаш пен 8 ә сынып оқушысы Бексыргаев Әділетке және жайсыз отбасы есебінде тұрған 5 ә сынып оқушысы Аманқұл Аянұрға оқу құралдарын алып берді. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Әлдекенов Нұржан жартылай жетім отбасынан шыққан Жұмағұл Жанботаға мектепке киетін юбка және аз қамтылған отбасынан шыққан 8 ә сынып оқушысы Маралова Аселяға оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетті.
2018 жылдың қаңтар айының 20 күні 6-7 сынып оқушыларымен «Қайырымдылық – жанға қуат» атты тақырыпта тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Білім алушылар «Қайырымдылық» сөзінің мағынасын ашып және сол сөзге постер қорғады. Оқушылар бұл сөздің адам өміріне қаншалықты маңызды екенін және көптеген адамдарға көмектесу арқылы оларға бақыт сыйлайтынын түсінді.
Сонымен қатар қаңтар айының 23 күні 8-9 сынып оқушыларымен «Жақсылық – жан жадыратады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу болды. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, білім алушыларға «Жан тыныштығына жету» мақсатында Дейл Карнегидің кеңестері оқып, слайдтан көрсетілді.соңында білім алушылар екі жұлдыз бір тілек арқылы бір – біріне жақсы сөздер айтып, қорытындылады.
Білім алушыларымызға көмек ретінде ауылымыздың белсенді азаматы Джарқынходжаев Азамат 30000 (отыз мың) теңгеге көлемінде аз қамтылған отбасынан шыққан 2 ә сынып оқушысы Еренбай Аялаға 4000 (төрт мың) теңгеге оқу құралдарын, көпбалалы отбасынана шыққан 4 б сынып оқушысы Қойлибай Медетке 10000 (он мың) теңгеге қыстық сырт киім, 5 ә сынып оқушысы Бекберген Нұрмұхамедалиге 4000 (төрт мың) теңгеге, 6 ә сынып оқушысы Сейтқұл Дарханға 4000 (төрт мың) теңгеге, 2 ә сынып оқушысы Бақтияр Нұрасылға 4000 (төрт мың) теңгеге, 3 б сынып оқушысы Шынтас Қайрат 4000 (төрт мың) теңгеге мектепке киетін ақ жейделер алып беріп, демеушілік жасады. Сонымен қатар мектепке арнайы бұрыш жасап қойған қорапқа яғни пән мұғалімдерімен білім алушылардан түскен қаржыны арнайы
Комиссия мүшелерімен ашылды, жиналған қаржы 10000 (он мың) теңге болды. Осы жиналған қаржыға көпбалалы отбасынан шыққан 4 а сынып оқушысы Құрамаев Нұрмұхамедюсупқа 2500 (екі мың бес жүз) теңгеге, жартылай жетім отбасынан шыққан 3 ә сынып оқушысы Бөгенбай Әділжанға 2500 (екі мың бес жүз) теңгеге, жайсыз отбасынан шыққан 7 а сынып оқушысы Аманқұл Ақнұрға 2500 (екі мың бес жүз) теңгеге, 4 а сынып оқушысы Ислам Ғазизаға 2500 (екі мың бес жүз) теңгеге мектепке керекті оқу құралдарын алып бердік.
Қаңтар мен ақпан айы аралығында рейд және көше аралау жұмыстары толығымен жүргізілді. Рейд барысында мектепке келмей жұмыс істеп жүрген оқушылар анықталған жоқ.
Демеушілерімізден, мектеп ұжымынан және білім алушыларымыздан жиналған 88000 (сексен сегіз мың) теңгеге көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы білім алушыларына, жайсыз отбасы және жартылай жетім отбасынана шыққан, жалпы 18 білім алушылары мектепке керекті мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.