«Мектепке жол» акциясының қорытындысы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » «Мектепке жол» акциясының қорытындысы
28
желтоқсан
2017

«Мектепке жол» акциясының қорытындысы

№5 Ақарал орта мектебіндегі   01 тамыз – 30 қыркүйек 2017 жыл аралығында жүргізілген «Мектепке жол» акциясының
қорытындысы
              «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.08.2017 жылғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №03-3213 хатына сәйкес.
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді.
  Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті.
Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектебінде осы ауқымды іс-шараға байланысты мектеп директоры Қойшиманова Нұрила Сейсенбайқызы басқарған ұжымды еңбек етіп, балалардың санасына білім нәрін сеуіп жүрген ұстаздар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы кеңес өткізіп, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Мектеп әкімшілігінен акцияны ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы комиссия құрылды, мүшелері Г. Утепова, Ғ. Бөрібаев, С. Балғынбаев, С. Ниязова  сайланды.
 Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылды. Жеке кәсіпкерлер мен ауылымыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Мектептің комиссия мүшелері және барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.
 Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балалар мен мигранттарды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.
         Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары, меценаттармен әріптестік қарым – қатынас орнатылды. Балалардың тамыз есебі алынып, деректер банкісі құрылды. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған әлеуметтік меценаттар Тұрлығұл Сырым,  Шайхиева Алия, Жұмағұлов Өркен, Қуанышев Бақтыбек, Мұратов Байжігіт, Төленов Игілік,  Шайхиева Гүлнар,  Әлдекенов Нұржан,  Бөрібаев Ғалым, Бондарь Александр т.б өз көмектерін көрсетті.
Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде «Алина» дүкенінің меңгерушісі Шайхиева Гүлнар 6 ә сынып оқушысы Сейтқұл Дархан мен 7 ә сынып оқушысы Сұлтаналы Нұргүлге  аяқ киім алып берді. Тарих пәнінің мұғалімі Қасымов Ғани аз қамтылған 8 ә сынып оқушысы Маралова Аселя мен 9 ә сынып оқушысы Маралова Лаураға мектеп формасы мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік жасады.
Акция туралы көрнекті ақпарат тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Тамызайында  «Меркі тынысы» газетіне «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» тақырыбында мақала жарық көрді. Мақалада,  «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, осы ауқымды іс-шараға байланысты арнайы комиссия құрылып, жқмыс істеп жатқандығы, сонымен қатар  жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қарап, акциядан шет қалмауда екендігі туралы жазылды.
 
Ауыл азаматы Төленов Игілік  жартылай жетім отбасының баласы 6 ә сынып оқушысы Көпжасар Айдарбекке мектеп формасы мен спорттық киім берді және 6 ә сынып оқушысы Тәңірберген Нұргүлге мектеп формасы мен аяқ киім мен 2 ә сынып оқушысы Еренбай Аялаға спорттық киімі мен аяқ киімін алпы берді. География пәнінің мұғалімі Айжарыков Санат 1 б сынып оқушысы Аскен Ұлданаға  сумка мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетті.
 
Тамыз айының 16-22 аралығында  жеке кәсіпкер Барменқұлов Темірхан 7а сынып оқушысы Қазтай Нұрдаулет пен 1 а сынып оқушысы Бекберген Нұрдаулетке мектеп формасын алып беріп, көмек көрсетті. Қаныбетов Ерік  аз қамтылған отбасы баласына 8 ә сынып оқушысы Бексыргаев Әділетке мектеп формасын, және де шаруа қожалығы Бөрібаев Ғалым 6 а сынып оқушысы Жұман Камила мен 8 ә сынып оқушысы Жолдасбаева Наргизаға мектеп формасын алып берді.
 
             «Гүлдер» шаруа қожалығының иесі Бондарь Александр 6 а сынып оқушысы Төлебай Нұрсұлтанға,  1 а сынып оқушысы Темір Айнұрға, 9 а сынып оқушысы Нәби Нуридинге мектеп формасын алып берді. Жұмағұлов Өркен 3 әсыныптағы Ислам Лесбекке, 4 ә сыныптағы Ислам Ғазизаға және
 
5 ә сыныптағы Иманқұлова Қарлығашқа сумка мен оқу құралдары алынып берілді. Әлдекенов Нұржан 4 б сыныптағы Иманқұл Бегзатқа сумка мен оқу құралдары  мен 11 ә сыныптаға Берікбаева Сандуғашқа мектеп формасы алынып берілді.
 
         Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес құрылымдары акцияға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылуда.
 
        Қыркүйектің 2 күні жоспар бойынша «Бірінші сыныпқа бірінші рет» ұранымен  осы «Мектепке жол» акциясы кезінде  бірінші сыныпқа баратын көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына папкаға салынған оқу құралдары тарту етілді. Атап айтсақ, 1 а сынып оқушылары: Жұман Нұрбибі, ҚуғашбайАйша,        1 ә сынып оқушылары: Тұрымжар Ақарыс, Бекберген Нұрдаулет, Жолдасбай Сержан, 1 б сынып оқушылары: Нүсіп Рамазан, Зерікбай Ернұр, Ғабибулла Мерей, Бақтыбек Нұрқадырға берілді.
 
 
 
Мұратов Байжігіт тұрмыс жағдайы төмен отбасы баласына 5 а сынып оқушысы Баисов Арманға мектеп формасы мен спорттық киім берілді.       Ауыл азаматы Қуанышев Бақтыбек 3 а сыныбында оқитын инклюзивті оқушы Райымова Аделяға мектеп формасы, сумка, оқу құралдарын алып берді және көп балалы отбасынан шыққан 3 б сынып оқушысы Төрехан Нұргелдіге мектеп формасын, спорттық киім мен аяқ киімін алып беріп демеушілік жасады. Сонымен қатар ауыл азаматшасы Алдекенова Махаббат көп балалы отбасы баласы Батай Ільясқа мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдары және спорттық киімін алып берді.
 
   Дәлелсіз себептер бойынша мектепке келмей жүрген балаларды анықтау мақсатында жүргізілген түнгі рейдтер  барысында ондай оқушылар анықталған жоқ.    Ауыл азаматы «Тұрлыхан» шаруа қожалығының төрағасы               Тұрлығұл Сырым жартылай жетім отбасының 9 ә сынып оқушысы Жырғалбай Әділетке спорттық киім, мектеп формасы мен мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Сонымен қатар ауыл азаматы  Шарипов Азат көп балалы отбасынан шыққан 3 б сыныбында оқитын Руслан Бақжанға мектеп формасы, оқу құралдары мен спорттық киімін алып беріп, демеушілік көрсетті. Қыркүйек айында ауыл азаматтарын, демеушілерді құттықтап, марапаттады.
 
        Акция туралы әзірленген көрнекті ақпарат тарату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айының басынан шаруа қожалықтарына, түнгі мейрамханаларға және май құю стансаларына рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында мектепке келмей жұмыс істеп жүрген оқушылар анықталған жоқ.
  
       Жалпы мектеп бойынша акция кезінде 35  оқушыға  510 000 (бес  жүз он мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.
 
 
 
 
Мектеп директоры:                    Н.Койшиманова
 
 
Әлеуметтік педагог:                     М.Алденбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив