№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 2017 – 2018 оқу жылының маусым айының 13 күні «Жасөспірім арасындағы жүктілік және оның асқыныстары» атты жүргізілген жиналысқа Анықтама » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 2017 – 2018 оқу жылының маусым айының 13 күні «Жасөспірім арасындағы жүктілік және оның асқыныстары» атты жүргізілген жиналысқа Анықтама
13
маусым
2018

№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 2017 – 2018 оқу жылының маусым айының 13 күні «Жасөспірім арасындағы жүктілік және оның асқыныстары» атты жүргізілген жиналысқа Анықтама

№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 

2017 – 2018 оқу жылының маусым айының 13 күні «Жасөспірім арасындағы жүктілік және оның асқыныстары» 

атты жүргізілген жиналысқа 

Анықтама 

  

         2017 – 2018 оқу жылының 13 маусым күні жалпы ата – аналармен қыздар арасында аудандық жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді. 

Жиналысқа қатысқандар:   

     1. Мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсембаевна 

2. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Абдибаевна 

3. МЦРП женская консультация врач акушер гинеколог Кулбаева Манар Кобейсиновна 

4. Меркі АІІБ-ң ЖПҚ ЮПТ-ң инспекторы полиция аға лейтенанты Боранбаева Данара Ернатқызы 

5. Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Аликулова Айгуль Абдикапаровна 

6. Мемлекетттік құқықтық бөлімшесінің бас маманы Абдыкасымов Мирас 

  

Қатысқан жалпы ата – аналар саны: 19 адам, 

Қыз балалар саны: 44 қыз бала 

         

Мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсембаевна ата – аналарға жиналыстың тақырыбы мен мақсатын айтып өтіп, келген қонақтармен таныстырды. 

Жиналысты аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Абдибаевна жалғастырды. Өз сөзінде жасөспірімдер арасындағы жүктілік әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік және экономикалық маңызды қиыншылықтарының бірі болып отыр. Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің негізгі психологиялық – әлеуметтік қиындықтарына олардың толыққанды білім ала алмауы, кәсіби мүмкіндіктерінің шектелуі жатады. Ерте жүкті болған жас қыздар көбінесе мектептегі білім алуды жалғастырудан бас тартады, бұл жағдай сонымен қатар заңсыз түсік тастатуға, жауасыздық пен баладан бас тартуға әкеп соғады. Кәмелетке толмаған аналар арасында кездесетін қиыншылықтар осымен шектелмейді, оған қоршаған адамдар мен қарым қатынасқа түсук қиындығы, өзін өзі бағалау деңгейінің төмендеуі де қосылады. Нәтижесінде кәмелетке толмаған аналар эмоционалды жағдайының нашарлауы – материалдық, тұрғын үй мәселесінің шиеленісуі, туған туыстарының сөгуші көз қарасы, жақындарымен кикілжінге жиі түсуі, өзінің сырт келбетіне көңілі толмауы, үй шаруасынан шаршауы сияқты жағдайларға әкеп соғатынын айтып өтті. 

  

         Жиналыс барысында Меркі АІІБ-ң ЖПҚ ЮПТ-ң инспекторы полиция аға лейтенанты Боранбаева Данара Ернатқызы өз сөзінде ерте жүктіліктің алдын алу бойынша көптеген жағдайлар орын алады олардың барлығы заңмен құдаланады көп жағдайда 9 сыныптан кейін түрк халқының азаматтары қыз балаларын ерте тұрмысқа беріп жатады. Аудан бойынша кәмелетке жасы толмаған қыз балалардың ерте жүкті болуына себеп болған екі баланы заңмен қудалап қыздың ата – аналары сотқа бергенін айтты. Сонымен қатар ресми статистикаға жүгіне кетсек, денсаулық сақтау министірлігінің ақпараты бойынша елімізде жылына шамамен он мынға жуық кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар жүкті болады, соның ішінде 40% ана атанса, қалғаны жасанды түсік тастату әрекетіне баратынын мәлімдейтінін айтып кетті. 

МЦРП женская консультация врач акушер гинеколог Кулбаева Манар 

Кобейсиновна өз сөзінде жасөспірімдік шақ – бұл бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің өте жылдам өтетін, әрі оның өмірдегі өз орнын анықтайтын, бағыт бағдар алатын ең күрделі кезең екені анық. Демек, осы кезде бала дамудың бірнеше жолдарының біріне аяқ басады. Бұл кезде өмір көз алдында өзгеріп салады. Алғашқы махаббат, бірінші кездесу, алғашқы  сүйіспеншілік – мұның барлығы жасөспірімдердің аңдамай аяқ басып, күрделі қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Солардың бірі – ерте жүктілік деп айтты. 

Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Аликулова Айгуль Абдикапаровна өз сөзінде жоспарланбаған жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ, қыз бала денсаулығы мен тәрбиесіне аса мұқият болғанымыз жөн. Қыз балаға ерекше күтім, дұрыс тәрбие қажет. Бүгінгі жасөспірім қыз – ертенгі ана. Психолог ретінде мектептерде жыныстық тәрбие беруді жүйелі түрде өткізіп тұруды дұрыфс деп есептеймін. Желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдерге отбасында, білім ошақтарында жыныстық тәрбиені дұрыс бертіп отырсақ, біраз мәселелердің алдын алған болар едік деп өз сөзін аяқтады. 

Сонымен қатар ата – аналармен қыз балаларға «Ерте жүктілік және оның салдары жөнінде» бейнематериалдар көрсетілді.

 

 


 

 

 

 

 


  

  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив