Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 3 «А» сынып ата – аналарымен бірлескен «Менің балам!» танымдық отбасылық ойыны » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 3 «А» сынып ата – аналарымен бірлескен «Менің балам!» танымдық отбасылық ойыны
09
қараша
2018

Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының 3 «А» сынып ата – аналарымен бірлескен «Менің балам!» танымдық отбасылық ойыны


       09.11.2018 жылы Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында «Ақылды балаға – ақылшы ата – ана»  атты онкүндігінде  3 «А» сыныптың ата – аналарымен бірлескен «Менің балам!» танымдық отбасылық ойын ұйымдастырылды. 

      Танымдық ойынның мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды  қарым-қатынас орнату болды.  

Жалпы ойынға 3 ата-ана қатысты. Эргашев Ислам мен ата-анасы- Эргашев Жамшид, Алимкулова Сандуғаш. Әбдікерім Аида мен ата-анасы – Ермаханбетов Мұхтар, Мамырханова Мадина. Кумисбек Мердиас пен ата-анасы – Айтбаев Ғабит,  Пусырова Айтолқын. 

     Ойын 6 кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда әр  топ өзін-өзі таныстыра отырып, «Бала деген кім?» деген сұрақа жауап берді. «Менің балам қандай?» айналымының  тапсырмасы бойынша әр ата-ана баласының атындағы  әріптерден басталатын  олардың бойындағы жақсы қасиеттерді атап шықты.
Ойынның ең бір қызықты сәті  - «Көңілді сөздер» айналымы болды. Осы кезде балалардың  ойынға деген қызығушылықтары  арта түсті. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» айналымында білім алушылар мен олардың ата-аналары сурет салуды да жақсы көретіндері байқалды. Сондай –ақ, балалар мен ата – аналарының бойындағы өнер «Өнерлі өрге жүзер» деген айналымнан байқалды. Бірігіп ән айтқаны өте сәтті болды. Ойын соңында әр отбасы  «Өнегелі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Ынтымақты отбасы» сияқты номминациялармен марапатталды. Қатысқан білім алушылар ойын соңында  алған әсерлерімен бөлісе отырып, өздеріне ұнаған сәтті жерлерімен айтып, кері байланыс жасады.

 


 



  

  

  

  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив